«Ажырасу көбейеді»: Үкімет мемлекеттік алимент қорын құруды қолдамады

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 18:18
740
«Ажырасу көбейеді»: Үкімет мемлекеттік алимент қорын құруды қолдамады ашық дереккөзден

Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясын қолдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын сақтау және қорғау, оның ішінде әлеуметтік көмек алу бойынша шаралар қабылдап жатқанын түсіндірді.

Сонымен бірге балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы және міндеті екенін жеткізді.

"Қор құру борышкерлер санының көбеюіне, ажырасудың өсуіне, ата-аналық міндеттемелерден жалтаруға әкелуі мүмкін. Ал қор алдындағы қарызды өтеу мәселесі де даулы болып қала береді", - деді премьер-министр.

Шетелдік тәжірибені талдау мұндай құрылымды құру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді, яғни қорды басқарудың арнайы құрылымын құруды, қосымша штаттық бірліктерді бөлуді қажет ететінін айтты.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу аясында алимент өндірудің қолданыстағы тетіктерін күшейту қажет деп санаймыз", - деді Бектенов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді