«Шошаңдама, секеңдеме, өзіңе ие бол!»: Айтыскер Сара Тоқтамысова орамал таққан құрбыларына ренішін білдірді

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 19:31
1567
«Шошаңдама, секеңдеме, өзіңе ие бол!»: Айтыскер Сара Тоқтамысова орамал таққан құрбыларына ренішін білдірді жеке парақшасынан

«Соларды көргенде, қарап отырып өзім қысылам» деді айтыскер ақын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі айтыскер-ақын Сара Тоқтамысова өзінің «Инстаграм» парақшасында орамал таққан қыздарға ақыл айтты. 

«Орамал тақтың ба, соған сай бол! Ормал тақтың ба, сөзіңе ие бол! «Тиктокта» немесе «Инстаграмда» отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма.

Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп әр жерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі, орамал – сенің абыройың.

Кейбір орамал таққан құрбыларым, сіңлілерім бар. Осы «Инстаграмда» жүр, анау «Тикток» дегенде де жүр. Қарап отырып өзің қысыласың. Егер солар осы видеоны көріп қалса, ескерер. Өзімізді тәрбиелейік, Рамазан айы – тыйылу айы» деп жазды Сара Тоқтамысова. 

Ақынның ақылына желі қолданушылары да өз ойын қосты.

«Дұрыс жүру үшін орамал міндет емес. Ең бастысы- тәрбие. Орамал жай ғана киімнің атрибуты», «Орамалдың ар-намысқа қатысы қанша, әйтеуір айтқыш екем деп айта бересіңдер», «Дұрыс, алаяқтардың көбі осы орамал таққандардан шығып жатыр. Өз пайдасы үшін оранып, тірлігі біткен соң шешіп тастап жатқандар да бар», «Орамал таққандар, тақпағандар деп бөлмей, жалпы қазақ қыздарына осылай ақыл айту керек», «Сара ақынның ақылы өте дұрыс», «Адамгершілік орамалмен өлшенбейді» деп жазды көпшілік.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды