Қазақстандық бітімгершілер Голан жоталарында тәуелсіз миссиясын бастады

Аиса Махамбет Редактор
23.03.2024, 14:33
727
Қазақстандық бітімгершілер Голан жоталарында тәуелсіз миссиясын бастады ашық дереккөзден

Қазақстандық бітімгершілік күштері Голан жоталарында тәуелсіз миссиясын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясының жауапты аймағында орналасқан Фауар бітімгершілік базасында Қазақстанның бітімгершілік контингентіне Ұйым туын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарсыласуды бақылаушы күштері миссиясының басшысы генерал-лейтенант Құрмал Нирмал және оның құрамында әрекет ететін бітімгершілік контингенттерінің жетекшілері қатысты.

"Миссияның запастағы командирі болу үлкен мәртебе. Сізге кәсіби дайындық пен тиісті құзыреттіліктерді талап ететін аса жауапты міндеттер жүктелді. Сіздің бөлімшеңіз Ирландияның бітімгершілік контингенті сияқты өзіне жүктелген миссияны лайықты деңгейде атқаратынына сенімдімін", - деді генерал-лейтенант.

Жалпы құрамда салтанатты жағдайда Ирландия бөлімшесінің бастығы подполковник Оливер Клиар БҰҰ туын Қазақстан ұлттық контингентінің қолбасшысы, подполковник Жігер Айыповқа тапсырды.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының туы тапсырылған сәттен бастап біздің бөлімше Голан жоталарындағы миссияның толыққанды қатысушысы болды. Қазір біз жүктелген міндеттерді мақсатты түрде орындауға кірісіп жатырмыз", - деді подполковник Жігер Айыпов.

Бір жыл ішінде қазақстандық бітімгершілік контингенті аумақты патрульдеу, бақылау-өткізу пункттерін нығайту және соғысушы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау және БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес басқа да міндеттерді орындайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық бітімгершілер "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" құрамында Голан жоталарына шығарып салынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Қарулы күштер бітімгерлері 16 наурызда Фауар бітімгершілік базасына жеткен еді. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады