6704

«Екеумізді айырып жіберді»: әнші Балжан Бидаш тележобада футболшымен өнер көрсетпейтінін айтты

Жұптың ажырауына не себеп?

«Екеумізді айырып жіберді»: әнші Балжан Бидаш тележобада футболшымен өнер көрсетпейтінін айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Балжан Бидаш "Егіз-лебіз" жобасында енді қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге ән салып, өнер көрсетпейтінін айтты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Егіз-лебіз" тележобасында көпшілікке ұнап үлгерген жұп - әнші Балжан Бидаш пен қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев.

"Егіз-лебізде Ұлан екеумізді айырып жіберді. Яғни, бүгін басқа жұппен шығамын", - деп жазды әнші. 

Футболшы бұған қатысты әзірге пікір білдірмеді. Ал оқырмандар мен жұптың жанкүйерлеріне бұл жаңалық аса ұнамаған сияқты. 

"Қызғанған болар керемет жұпты", "Ұлан жобадан кетіп қалды ма?", "Жеңіп кетпесін деді ме?", "Өмірде ажырамаңдар", - деп жазған желі қолданушылары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор