Бүгін Астанада жарық сөндіріледі

23.03.2024, 19:29
847
Бүгін Астанада жарық сөндіріледі zolotukhin.kz

23 наурыз күні сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұл күні әлемнің мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшіріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.

Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

«Жер сағаты» науқаны кезінде WWF планетаның болашағына алаңдаушылық белгісі ретінде жарықтар мен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырады.

2024 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған. Біз Қазақстанның барлық тұрғындарын саналы таңдау жасауға – қоршаған ортаға көмектесуге шақырамыз.

Сонымен бүгін кешке мына нысандарда жарық сөндіріледі:

Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13);

Бейбітшілік, 9 мекенжайындағы әкімшілік ғимарат;

Е.Рахмадиев  атындағы Мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары к-сі, 32);

М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы (Мәмбетова к-сі, 1);

«Гранд Алатау» тұрғын үй кешені (Желтоқсан көшесі 2, 2/1, 2/2, 2/3);

«Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1)

«Престиж» тұрғын үй кешені (Желтоқсан көшесі, 1);

«Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4)

«Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);

«Park Inn by Radisson» қонақүйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);

«Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);

«Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);

«Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко к-сі, 8);

«Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);

«Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);

Абай даңғылы, 13, әкімшілік ғимарат

Сарыарқа даңғылы, 17 мекенжайы бойынша тұрғын үй ғимараты;

«Шаңырақ» жатақханасы (Сарыарқа даңғылы, 42, 44);

«Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр 28, 30);

«KERUEN CITY» ЖШС;

«Астана-Бәйтерек» монументі;

«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені;

Нұр-Әлем мұражайының павильоны;

Бейбітшілік және келісім сарайы;

«Әзірет Сұлтан» мешіті;

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы;

Республикалық Бас мешіт;

«Айланд» отбасылық ойын-сауық орталығы;

«Астана Балет» ЖШС;

«ҚазМұнайГаз» ҰК;

«Қазақ елі» монументі;

«Мәңгілік Ел» салтанатты аркасы.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды