Ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметі үшін айыппұл салынды

23.03.2024, 20:38
807
Ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметі үшін айыппұл салынды 1zahid.com

Операторлар тағы да миллиондап айыппұл төлейтін болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қанша теңге айыппұл салынғанын жариялады.

2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Ал 2020 жылы тексеру саны 93-ке жетті. Салынған айыппұл көлемі - 23,9 млн теңге, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік мәлім еткендей, 2021 жылдың қорытындысында 562 тексеру жүргізілді. Оның барысында 371 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай ұялы байланыс операторлары 132 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды. 2022 жылы тексеру саны еселеп артты. 1 175 тексерудің нәтижесінде операторларға 1 млрд 670 млн теңге айыппұл салынды. Дегенмен ұялы операторларға жеңілдіктер беріліп, олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі.

Еске салайық, соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыс қызметі қымбаттап кеткен.

Бірінші несие бюросының сарапшылары баға соңғы 13 жылда жоғары қарқынмен өсті деген қорытындыға келіп отыр.

Биыл ақпан айындағы баға қаңтар айымен салыстырғанда 6,2%-ға өсті. Бұл – 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш. Соңғы рет 2023 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның күрт қымбаттағаны тіркелген еді (2,8%). Ал ұялы байланыс қызметі соңғы рет 2018 жылдың ақпан айында арзандады, - делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)