1097

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатыр

Қазір вакцина салынған адамдар қатары көбейген.

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатыр
farmani.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы 2 айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеген. Қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілген.

Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда, осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет екенін ескертті Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ ведомство вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынды.

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы; жөтел;  аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.

Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

Вакцинациялау арқылы -  балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.

ҚР-да вакцинаны енгізуге байланысты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Күтілетін реакциялар – дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина енгізілген жердің қызаруы, ісінуі тіркеледі, - деп ескертті министрліктің баспасөз қызметі.

Материал авторы