Көшелерді тазалау, көпірлерді жуу: Астанада көктемгі санитарлық тазалау басталды

24.03.2024, 09:49
885
Көшелерді тазалау, көпірлерді жуу: Астанада көктемгі санитарлық тазалау басталды gov.kz

Тазару мен жаңару күніне орай Астана көшелері толықтай тазартылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көктемнің жылы күндерінің басталуымен елорданың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Оның ішінде көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, белгілер, қоршаулар, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Қазір арнайы техниканың көмегімен тротуарлар мен жол жабындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қолмен және техниканың көмегімен жол жиегі тазаланады. Сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары еріген суды сорады.

Бүгінгі таңда елорданың бес ауданында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Акцияға 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты. 

Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.

Биыл Наурыз мерекесі Қазақстанда 10 күн бойы аталып өтуде. 23 наурыз күні - Наурызнамның онкүндігіндегі Тазарту және жаңару күні деп аталған болатын.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды