«Байқоңыр» ғарыш-зымыран кешенінің негізгі мәселелері талқыланды

24.03.2024, 10:10
688
«Байқоңыр» ғарыш-зымыран кешенінің негізгі мәселелері талқыланды gov.kz

Талқыға РФ Үкімет төрағасының орынбасары мен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қатысты

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкімет төрағасының орынбасары- Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

Кездесуде «Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар «Бәйтерек» бірлескен ғарыш- зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру барысына ерекше назар аударды. Жоба бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен жасалған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Кездесуде жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді. 

Бұл жобада қазақстандық тарап жерүсті инфрақұрылымын құруға және «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін жаңғыртуға жауапты. 

Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Байқоңыр қаласының даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ҚР азаматтарына Байқоңыр қаласына кіруге және шығуға рұқсат беру құжаттарын электронды рәсімдеу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Байқоңыр» кешені инфрақұрылымының әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту үшін өзара іс-қимыл жасауға келісті.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)