Путин Украинаны Мәскеудегі теракт үшін айыптады: Көз жұмғандар саны тағы өсті

Аиса Махамбет Редактор
24.03.2024, 11:31
953
Путин Украинаны Мәскеудегі теракт үшін айыптады: Көз жұмғандар саны тағы өсті rus.postimees.ee

Ресей президенті Владимир Путин Украина Мәскеудегі Крокус Сити Холлда атыс ұйымдастырған лаңкестердің өтуге көмектескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Владимир Путин лаңкестік оқиғаны «жабайы» және «қанды» лаңкестік әрекет деп атады.

«Лаңкестік әрекеттің төрт тікелей орындаушысы, адамдарды атып өлтіргендердің барлығы табылып, ұсталды, олар қашуға әрекеттеніп, Украинаға қарай жылжыды, онда, алдын ала мәліметтер бойынша, олар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтге Украина жағынан терезе дайындалған», – деді ол.

Путин лаңкестік әрекетке қатысқандардың барлығы жазаланады деп уәде берді.

Қатысатындардың барлығы жазаланады. Олар кім болса да. Оларды кім басқарса да. Біз Ресейге шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалаймыз.

Біз халықаралық терроризмге қарсы күресте басқа елдермен күш біріктіруге дайынбыз. Біздің міндетіміз – бір қатарда болу. Бірлігіміз бен ерік-жігерімізді ешкім де, ештеңе де шайқалта алмайды, - деп қосты Путин.

Сонымен қатар бұған дейін Зеленскийдің кеңсесі ресейлік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымнан кейін Украинаның терактіге еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Айта кетсек, Ресей Федерациясының тергеу комитеті «Крокус Сити Холл» концерт залында лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандар туралы деректерді жаңартты.

«Крокус Сити Холл» концерт залындағы үйінділерді зерттеу барысында лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 133 адамға дейін өсті. Іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Владимир Путин 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. 

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус Сити Холлға» концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те «Крокус» ғимаратының алдына «Рено Симбол» тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ «Рено Симбол» мінген төрт қаскөй «Крокустың» көлік тұрағынан кете бастаған. 

Бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметінің 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити холлда» болған 4 террористің ұстағаны белгілі болды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады