«Ең қарапайымы – Сәкен»: тыңдарманымен жатып суретке түскен Сәкен Майғазы жұртты сүйсіндірді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
24.03.2024, 15:50
2351
«Ең қарапайымы – Сәкен»: тыңдарманымен жатып суретке түскен Сәкен Майғазы жұртты сүйсіндірді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Әншінің қарапайымдылығы МузАрт тыңдармандары арасында қызу талқыға түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазы өзінің Instagram парақшасында МузАрт тобының концерттерінің біріндегі бейнежазбамен бөлісті.

Бейнежазбада кішкентай қыздың Сәкен Майғазымен суретке түспек болғаны көрінеді. Мұны байқаған әнші кішкентай тыңдарманының артында, сахнаға жатып суретке түскен.

«Тұрып түсейін десем балапанның бойы жетпей тұр, отырып түсейін десем шалбарымның тізесі шығып кетейін деп тұр... Балапаным сол, мәз өзі. Құлыншақтарымызды қуанту да бір бақыт», - деп жазды әнші.

Әншінің бұл әрекеті көпшілікті сүйсіндірді.

«Сәкен Майғазиев Мұзарттың жүрегі. Топты алға сүйреп тұратын сіз екен Шымкенттегі концертте көзім жетті», «Мейрамбек-Мейрамбек» дейміз-ау, бірақ халыққа етене жақын Сәкен екен», «Қарапайымдылық! Баланы түсіне білу», «Сәкеннің адамгершілігі мол жігіт. Жарайсың Сәкен бауырым. Алла да осындай қарапайымдылықты жақсы көреді. Ақ жол тілеймін», «Бәрінен де қарапайымы – Сәкен екен. Баланың көңілін қалдырмады», - деп жазды оқырмандар.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды