«Еркектер, әйелді тыңдаңдар!»: отбасылық психолог Ержан Мырзабаев ажырасуға қатысты

Аиса Махамбет Редактор
24.03.2024, 17:10
1225
«Еркектер, әйелді тыңдаңдар!»: отбасылық психолог Ержан Мырзабаев ажырасуға қатысты бейнежазбадан алынған кадр

Психологтың айтуынша, әйел адамдар отбасылық мәселелерді алдын-ала сезіп, ажыраспауға әрекет етсе, ал ер адамдар ажырасқан соң ғана отбасылық мәселелерді шешуге, қайта қосылуға ұмтылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал коуч, бизнесуомен Роза Әшірбаеваның «Kozqaras» подкасында отбасылық психолог Ержан Мырзабаев тұрмыстық өмірдегі проблемалар туралы сөз етті.

Подкаста отбасылық мәселелер мен оларды шешу жолы талқыланды. Психолог Ержан Мырзабаев отбасылық проблеманы шешуге әдетте бірінші әйелдер тырысатынын айта кетті. Подкаст жүргізушісі Роза Әшірбаева да отбасылық өмірдегі мәселелерді алғаш боп байқайтын, оны шешуге тырысатын әйелдер екенін айта келіп, еркектер «бәрі жақсы» деп жүріп, ажырасқан соң барып бәрін түсінетінін, қайта қосылғысы келетінін айта кетті.

Мұндай екіжақтылыққа қатысты отбасылық психолог былай деп түсініктеме берді:

«Әйелдерде интуиция өте мықты жұмыс істейді. Сондықтан әйел алдын-ала істің нәтижесін көріп, проблеманың қайда бара жатқанын сезіп жатады. Сол үшін ертерек мазасызданады, ал еркек бәрі дұрыс қой деп бейқам жүре береді.

Ерлердің миы көпшілігінде мәселені шешуге бағытталған. Тарс етіп мәселе шыққанда ғана оны шешуге тырысады. «Әйелім кетіп қалыпты, енді оны қайтару керек. Ажырасып кетіппіз, енді қайта қосылу керек» деген оймен жұмыс істейді. Құдай сақтасын, баласына бірдеңе болғанда ғана «Болды, баланың тәрбиесін қолға алу керек» дейді. Еркектер мәселе туындаған соң ғана келеді.

Сол үшін ер мен әйел ақылдасып отыруы керек. Ешқандай еркекте әйелдегідей эмоционалды интеллекті жоқ. Сезу, тану, білу деген сияқты. Сол үшін әйел бұл қасиеті арқылы еркекке көп пайда тигізе алады. Бекер айтпайды ғой, «әрбір жетістікке жеткен еркектің жанында әйелі болады» деп. Сондықтан еркектер, әйелді тыңдаңдар!», - деді ол.

Осылайша отбасылық психолог әйел мен ер адам ажырасуға жетпес үшін, отбасыны сақтап қалуда керек дүние – жиі сөйлесіп, ақылдасып, кеңесу керегін айтты.

Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)