«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті

25.03.2024, 09:35
955
«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті Sports.kz

Бокстан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирінің алғашқы жарыс күнінде алты қазақстандық спортшы шаршы алаңға шықты.

Алты боксшының екеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, төртеуі қарсыластарына есе жіберді.

Алдымен Теміртас Жүсіпов (48 келі) әзербайжандық Турал Сариевті қапы қалдырса, одан кейін Сағындық Тоғамбай (92 келі) сол елдің тағы бір өкілі Фуад Джафаровты нокаутпен жеңді.

Ал ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.

Енді ел құрамасынан Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) шаршы алаңға шығады.

Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түседі. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.

Дәстүрлі турнир бес күнге созылады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады