Шымкенттік зейнеткер пәтерінде қамалып қалған
Құтқарушылар зейнеткерді құлыптаулы пәтерден шығарды.
Кеше «112» қызметіне Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде есік жабылып, ішінде қарт әйел қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шыққан жедел-құтқару жасағының құтқарушылары есікті арнайы құралмен ашты.
ТЖМ балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды