Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

25.03.2024, 18:17
739
Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есебін тыңдады.

Оның айтуынша, барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.

– Атап айтсақ, былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған. Өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылды. Ал өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасса, биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

Былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория.

Оған қоса, биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегі және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігі іске қосылады. Осы арқылы қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етілмек, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, әкім елордадағы әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді