Сенат Төрағасы Кипр Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

26.03.2024, 09:56
680
Сенат Төрағасы Кипр Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті Сенат

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Сенат Спикері өз сөзінде Константинос Комбосты және барша Кипр халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады. Сондай-ақ ол Кипр Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін тілге тиек етіп, аталған мемлекеттің жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.

Мәулен Әшімбаев өткен жылдар ішінде Қазақстан мен Кипр арасында құрмет пен сенімге негізделген өзара іс-қимылдың берік негізі қалыптасқанын да атап өтті. Кездесу кезінде екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын одан әрі жандандырудың маңызды екеніне де баса мән берілді.

– Өзара сенімге негізделген жоғары деңгейдегі диалог барлық бағыттағы байланысымыздың артуына зор ықпалын тигізді. Біз Астанада Кипр елшілігін ашу туралы шешімді құптаймыз. Мұндай қадам екіжақты байланыстарды нығайта отырып, қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге шығарады деп есептейміз. Қазақстан Парламенті Кипрмен парламентаралық ынтымақтастықты да дамытуға мүдделі. Біздің Парламенттің екі Палатасында да Кипрдің заң шығарушы органымен достық топтары жұмыс істейді. Сол топтардың әлеуетін тиімді пайдалану маңызды, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың нәтижелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ Константинос Комбосқа жаңа экономикалық үлгіге көшу жолында қолға алынған шаралар туралы да айтып берді.

Өз кезегінде Кипрдің сыртқы істер министрі Қазақстанда іске асырылған қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалады және екі ел арасындағы, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Одан бөлек, кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы байланыстарды арттыру мәселелерін де талқылады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды