Елімізде жыл сайын жасанды интеллект саласында 1 мың маман даярланады

26.03.2024, 14:31
858
Елімізде жыл сайын жасанды интеллект саласында 1 мың маман даярланады canva.com

Қазақстанда жасанды интеллект орталығы құрылады.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылау кезінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин айтты.

«Қазір жасанды интеллект орталығын құру жұмыстарына кірістік. Бұл орталық әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірибені пайдалануда тиісті платформа қызметін атқарады. Осы жұмыстар Astana Hub-пен бірге іске асырылады. Бұл жұмыстар аясында саладағы таланттарды даярлауға және адами капиталды дамытуға ерекше екпін қойылмақ», - деді Қ. Төлеушин. 

Оның айтуынша, қазір осы салада білім беру платформасын әзірлеген Николя Садиракпен (ІТ білім саласында халықаралық деңгейдегі маман) келіссөз жалғасып жатыр.

«Біз жасанды интеллект саласында жыл сайын 100 стартапты іске қоса отырып, жылда 1000 жасанды интеллект маманын дайындауды мақсат етіп қойдық. Сонымен қатар, 2026 жылға қарай жыл сайын осы салада 1 миллиард доллар экспорттық кіріске қол жеткізу міндетін белгіледік», - деді вице-министр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді