Мәскеудегі терактқа қатысты күдікті ретінде Қырғызстан тумасы ұсталды

26.03.2024, 15:01
998
Мәскеудегі терактқа қатысты күдікті ретінде Қырғызстан тумасы ұсталды РИА Новости

Ол екі айға қамалды.

Ulysmedia.kz хабарлауынша, ”Крокус ситидегі” терактқа қатысты сегізінші күдікті бүгін сотқа жеткізілді. Әлішер Қасымов атты Қырғызстан тумасы террористердің жоспарынан бейхабар болғанын айтады. Тергеу мәліметтері бойынша, ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Қасымовтың өзі пәтер өткізетін “Авито” қызметі арқылы ғана олармен байланыста болғанын айтады.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті "Крокус Сити Холл” концерттік кешенінде террористік акт жасауға араласты деген күдікпен жеткізілген. Сот отырысы жабық режимде өтеді. Тергеу оларды тұтқындау туралы өтініш жасамақ.

Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен күдікті. Ұсталғандар мінген "Рено” көлігінің түпкі иесі.

Тағы бір ұсталған Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов және оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов. Олар тағылған айыппен келіспейді.
Тергеу Диловар мен Аминчон 24 наурызда қамауға алынған Шамсиддин Фаридуниді қылмыстық топқа тартты деп санайды.

Мәскеудегі теракт

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді