Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады

26.03.2024, 17:59
689
Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісі тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды