"Алғашқы сынағым": "Бір болайық" жүргізушісі қатысушы қызды көңілдесі болуға шақырғаны рас па

27.03.2024, 09:54
1199
"Алғашқы сынағым": "Бір болайық" жүргізушісі қатысушы қызды көңілдесі болуға шақырғаны рас па Youtube/NTK ENTERTAINMENT

Атышулы "Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов қатысушы қызды көңілдесі болуға шақырғаны жөнінде айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. БАҚ өкілі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы "Бір болайық" бағдарламасының жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов қатысушы қызды көңілдесі болуға шақырғаны жөнінде айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. БАҚ өкілі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһ-Керім Кәрменов бұл ақпарат шыққанда желіде не себепті үнсіздік танытқанын түсіндірді. Тележүргізуші шындыққа жанаспайтын әңгімеге бола ақталғысы келмегенін жеткізді.

"Ақталудың өзі кінәлі болудың 50 пайызын меңзейді екен. Мен негізі қандай жобаны жүргізуге бара жатқанымды білдім. Менің өмірімдегі ең басты приоритет – әкемнің айтқан сөзі. "Адам болып келдім өмірге, адам болып кетсем – тілегім". Адам болып кету бүкіл ұрғашыларды жинап емес, өз жарын тауып, бар өмірін сол адамға арнау деп білемін. Еркек болған соң қызға қарайсың деп жатады ғой. Бірақ мен қызға қарау мен еркектікті теңестіруге болмайды. Егер мен шынымен сондай өмір салтын ұстансам, ол сезілетін болса, мұндай жаланың кез келгеніне сенуге болады. Өзімнің алғашқы сынағым және сол сынақтан сүрінбей өткенімнің белгісі сол кез болды. Кез келген адамға жала жауып жіберуге болады. Мен ол кезде тіпті ақталуға тырысқан жоқпын. Айтса, айта берсін. Мен өйткені аққа қанша жерден қара жақсаң да, оның қараймайтынын, тура осылай, қараға қанша жерден ақ жақсаң да, оның ағармайтынын білемін. Сондықтан ол ақпарат алғашында әлеуметтік желіге шыққан кезде келіншегіммен тамақтанып отырған едік. Ол кісі видеоны маған көрсетіп, "мына қыздың ісі тыныштық па?" деп сұрады, мен күлдім де "осылардың айтпайтыны жоқ" деп отыра бердім. Біздің арамызда бір-бірімізге деген кішкентай болсын күмән жоқ. Оның үстіне, халық та күмәнданған жоқ, тіпті елемеген де болар.

Тележүргізуші қатысушы арудың мұндай әрекетке не үшін барғанын білмейтінін айтты. БАҚ өкілі өзіне қатысты жалған ақпаратты келіншегімен тамақтанып отырғанда естіген. Алайда Кәрменовтың әйелі күйеуінің адалдығына еш күмінданбаған. 

"Оның неге бұлай жасағынан білмеймін. Әр адамның аласы ішінде. Бәлкім бізге ренжіген шығар. Ол қыз біздің жобадан шығып, ұқсас басқа бағдарламаға кетті ғой. Әрине, екі бақталас жоба болғандықтан арамызда мәселе туды. Біздің жобада келісімшарт толтырылады. Онда жобадан шыққан қатысушы кем дегенде 6 ай бойы басқа жобаларға қатысушы болып бармауы керек деген шарт бар. Осы секілді шарттарды бұзып, өзін ақтап алу үшін жасады ма немесе "бірінші болып шабуыл жасамасам, олар мені сотқа береді" деп ойлады ма, әйтеуір бір логикамен жасады. Ол қызға хабарласқам жоқ. Мәні жоқ әңгімені бастағым да келмейді. Жеткен дәредесі сол болып тұр ғой. Керісінше, менің оған жаным ашыды", – деді Шаһ-Керім "Taboo" бағдарламасында.  

«Әкесі 11 жастағы ұлын атып, оны ешкімге айтпауын сұраған»: Мектеп дәрігерлері баланың бойындағы сұмдықтан шошыды Трамп Қытайға өте сыпайы қарауға уәде берді Қазақстан «оқымысты» елге айналып барады «Жансақтау бөлімінде жатыр»: ер адам көлік ішінде өзін өртеп жіберді (ВИДЕО) «Саяси тапсырыс емес»: Берденов туралы депутат пікір білдірді Оққа ұшқан Руслан Берденовке қолдау білдіремін деп Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды Шиеліде 42 жастағы келіншектің қолын мұғалім күйеуі балталап тастаған Абай Бегейдің қызы тағы заңсыз ұтыс ұйымдастырып, жұрттың наразылығына ұшырады БҚО мектептерінде зейнет жасындағы мұғалімдерді өтемақысыз жұмыстан шығарған Ақтауда 35 жастағы ер адам әскерге шақырту алған Министр Аида Балаева да Дженнифер Лопестің концертіне билет алған Жириновскийдің шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды Ауыл әкімі сирек кездесетін гүлдермен селфи жасап, жұрттың наразылығын туғызды «Ернарды Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген»: белгілі заңгер Берденовтің жаралануы туралы Ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады 23 сәуір - Ұлттық кітап күні 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Халық үшін қам жеген асыл азамат»: Сәкен Майғазиев қастандық жасалған Руслан Берденовке қолдау білдірді «Есесіне шетелдікке күйеуге шықпады»: Жан Ахмадиев отбасылы еркектен екіқабат боп қалған әпкесін мақтады «Әбден қанымды ішті»: Қалдыбек Құрманәлі қызы Әнару туралы шындықты айтты