«Халықты сүлікше сорып отыр»: Жаңбыршин делдалдарға шектеу қоюды талап етті

27.03.2024, 15:27
611
«Халықты сүлікше сорып отыр»: Жаңбыршин делдалдарға шектеу қоюды талап етті t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында «ЭСО» деп аталып кеткен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тыйым салу мәселесін көтерді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар елімізде осыдан 20 жыл бұрын либерализация және электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті енгізу аясында пайда болды. Яғни олар – нарықта электр қуатын көтерме бағамен сатып алып және тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын компаниялар немесе жеке кәсіпкерлер.

Мәжілісменнің сөзінше, бүгінде мұндай ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс істеп жатыр.

Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде және мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 квт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр. Ал реттелмейтін ұйымдар, тарифтерін өздері белгілейді, яғни оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ», - деді депутат.

Жаңбыршин тұтынушыларына жіберілетін электр энергияның 18 пайызы ЭСО-лар арқылы сатылып отырғанын, тиісінше миллиардтаған қаржының делдалдар арқылы өтетінін тілге тиек етті.

Біздің болжамды есебіміз бойынша әрбір делдал жылына кемінде 1 миллиард теңге таза пайда көреді екен. 120-дан астам реттелмейтін ЭСО-лардың бір жылдық таза табысы кемі 150 миллиард теңгені құрайды. Бұл әзірше болжам цифрлар, нақтысын ешкім білмейді. Өйткені бұлар ешкімге есеп бермейтін, тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен, халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр. Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ. Бұл не деген батпан құйрық? – деп ашуланды депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, бюджеттік ұйымдарды, адал кәсіпкерлерді, халықты сүлікше сорып отырған делдалдардың қызметіне шектеу қоймасақ, мұның соңы  қоғамда саяси-әлеуметтік шиеленіске әкелуі әбден мүмкін. Себебі олар ештеңе өндірмей-ақ үш есе пайда көріп отыр.

Біріншіден, делдалдар тарифті негізсіз көтеруді жалғастыра береді және суперпайда табады. Мысалы, кейбір өңірлерде делдалдардың тарифіндегі таза пайда бір кВт сағат үшін 25 теңгеге жеткен. Ал Қазақстандағы ең ірі Екібастұз №1 электр станциясының 1 кВт сағат электр энергиясын өндіру тарифі 8 теңгені құрайды. Делдалдар ештеңе өндірмей-ақ станциялармен салыстырғанда кемі үш есе пайда көріп отыр, - деді ол.

Еділ Жаңбыршин сол делдалдардың таза табыстан энергетика саласына бір тиын инвестиция салмағанына шүйлікті. Пайда табуды ғана көздейтіндер елімізде бір де бір есептегіш құрал орнатпаған.

Екіншіден, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу заңынан реттелетін электр жабдықтаушы ұйымдардың бір көзден келісімшарт жасау нормасы алынып тасталуы себебінен реттелмейтін делдалдар бағаны демпинг жасап, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарды өздеріне тартып ала бастады. Соның салдарынан бюджеттік ұйымдар арқылы субсидияланып отырған тұрғындардың электр тарифі көтерілді. Баға өсті, - дейді депутат.

Мәжілісмен бұл мәселенің түйіні шешілмеуіне делдалдардың артында шетелдік және шетелде тұратын қазақстандық олигархтардың тұрғаны себеп деп отыр.

ЭСО-лардың таза пайдасы олигополиялық топпен шетелге шығарылып жатқаны тағы бар. Оған нақты дәлел, өткен жылдың аяғында «Ratel.kz» ақпараттық порталы қазақстандық делдал компанияның көрші елдің энергетика саласына 2,3 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салатыны жайлы мәліметпен бөлісті. Бұл дегеніміз елде тапқан табысты актив ретінде шетелге шығарумен пара-пар. Ал мұндай қаржы иелері тапқан капиталдарын мемлекетке қауіп төндіру бағытында пайдаланбайтынына кім кепіл?! – деді депутат.

Жаңбыршиннің сөзіне қарағанда, Үкімет олигархтардың әлеуетін және олардың биліктегі байланыстарын ескере отырып, тез арада мынадай нақты шешімдер қабылдауы қажет:

  • делдал ұйымдарды нарықтан толықтай алып тастау;
  • электр энергетика нарығында делдалдарсыз жаңа құрылымға өту тәртібін әзірлеу;
  • тұтынушылар үшін ашық және әділ тарифтерді қамтамасыз ету және оларды қатаң бақылауға алу.
Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол