400 мыңдай адам букмекерлер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған — депутат

27.03.2024, 16:57
215
400 мыңдай адам букмекерлер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған — депутат parlam.kz

Ажырасулардың 40 пайызына лудомания тікелей себеп болды.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ойын бизнесі туралы заң жобасын таныстыру кезінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты. 

«Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен. Қазір құмар ойындары жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, алдыңғы орынға шыққан. Сондықтан осынау заң жобасы өте өзекті әрі қоғам үшін маңызды екені анық. Бұл мәселені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бірнеше рет көтеріп, нақты тапсырма берді. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да, Ұлттық Құрылтайда бірнеше рет ерекше тоқталғанын жақсы білесіздер. Шыны керек, қазіргі таңда Қазақстанда ойынқұмарлық індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады. Оның басты себебі — құмар ойындарының жұртшылыққа оңай қолжетімді болуы және оны ұйымдастырушылардың интернеттегі сайттарының кеңінен таралуы. Деректерге жүгінсек, кейінгі екі жарым жылда еліміздің әрбір бесінші адамы ойын ойнайды екен немесе құмар ойындарына қандай да бір қатысы бар. 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған», — деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Оның айтуынша, ажырасулардың 40 пайызына осы лудомания тікелей себеп болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындардың дені — осы құмар ойынға шалдыққандар.

«Мәселен, 2022 жылы елімізде 3 мың 676 адам өзіне қол жұмсап, олардың әрбір бесіншісінің себебі — лудомания. Өкінішке қарай, бұл дерт қазір әскерде де кең етек алған. Бұрын сарбаздар арасында әлімжеттік бар болғанымен, суицид өте сирек кездесетін. Қазір әлімжеттік азайғанымен, сарбаздардың өзіне қол жұмсауы жиілеп кетті. Олардың көбі құмар ойынның шырмауынан шыға алмай, осындай жантүршігерлік қадамға барып жатыр. Сонымен қатар қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар екені белгілі болды. Олар бәске тігетін ақша табу үшін алдымен қарыз алады, содан соң ұрлық, тонау секілді қылмыстарға барады екен. Осылайша, лудомания 21 ғасыр дертіне айналып отыр. Тіпті мектеп оқушылары да ойынға қатысып, бәс тіге бастады. Олардың ересек туыстарының атынан тіркеліп, ойнау фактілері жиілеп кетті. Мәселен, шамамен еліміздегі әрбір бесінші жас букмекерлік кеңселерде бәс тігеді. Бұл дегеніңіз, бір миллионнан астам жас кемінде бірнеше рет құмар ойынға бәс тіккен деген сөз», — деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, бұрын ойын автоматтарымен ойнаса, енді оның барлығы онлайнға көшті. Бала кезінен құмар ойынына үйір болған балалар өсе келе оған біржола тәуелді болып жатыр. Оның соңы қарызға кіруге, суицидке, ажырасуға және маскүнемдікке әкеледі. Ақыр соңында бұл жеке адамның ғана емес, отбасының, бүкіл қоғамның проблемасына айналды.

«Сізден үлгі алу керек»: актриса Әсел Асқар әкесіне бренд сыйлық тарту етті (видео) «Марапатқа ие болды»: әнші Ділназ Ахмадиева қуанышты жаңалығын бөлісті Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын айтты Шымкентте мопед мінген курьер қоршауға соғылып, қаза болды «Сыйлап жүргендердің өзі жамандайды»: Қоянбаев киносын сынайтындарға жауап берді Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр Абай облысындағы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 3,7 млрд. теңгеге қаржылық заңсыз әрекет анықтады Жаңбыр, қар, 8 градус аяз: 27-29 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды «Маған үй жинауды үйреткен»: Динара Сәтжанның тағы бір ағасы қайтыс болды Алматыда үш жолаушының өліміне әкеп соққан жол көлік апаты: Айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрап жылап қалды «2,5 миллиард теңге»: Ақтөбеде үлескерлер құрылыс компаниясына алданып қалды Жылыой ауданында 3591 тұрғын бір жолғы материалдық көмек алды «18+ сөздің өзінен ұялатынмын»: актриса Бақытгүл Серікбаева кинодағы ашық сахналары туралы айтты «Ыңғайсыз сезініп жүрміз»: «Алашұлы» тобы су тасқынына қатысты жаңа ән шығармақ «Педофилді босату үшін 2 миллион алған»: Талғар сотының бұрынғы судьясы не үшін сотталғаны белгілі болды Қазақстандық кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 миллиард 300 мың теңге аударды «Сенен раушанның иісі шығады»: Желі қолданушылары Бишімбаев сотында куәгер болған блогердің сөзінен жасырын мағына тапты (видео) Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: Қуандық кіші қажылыққа 5 рет барған «Алғаш рет ішім ашып, өкіріп жыладым»: әнші Өктем Алтаев өміріндегі қиын кезең туралы айтты «Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынады