ЕҰУ ғалымдары суды тазартатын және зиянды заттарды анықтайтын мембраналарды модификациялау әдістерін жасады

27.03.2024, 20:39
1105
ЕҰУ ғалымдары суды тазартатын және зиянды заттарды анықтайтын мембраналарды модификациялау әдістерін жасады gov.kz

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Инженерлік бейіндегі зертхана ғалымдары әмбебап сүзгілерді жасап шығарды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оны суды тұздардан тазарту үшін ғана емес, сонымен қатар радиоактивті сұйық қалдықтарды дистилляциялау үшін де пайдалануға болады.

ЕҰУ ғалымдары суды тұздардан, пестицидтерден, мұнай өнімдерінен, глюкозадан және ауыр металл иондарынан тазарту үшін елімізде шығарылатын трек мембраналарын модификациялау әдістерін зерттеп жатыр. Сүзгілердің бірегейлігі ЕҰУ инженерлік зертханасында әзірленген трек мембраналарды пайдалану болып табылады. Ғалымдар жұқа полимерлі пленкалардан жасалған ауыр ион үдеткішін қолданады. Ғылыми әзірлемелердің арқасында сүзгілер суды тек тұздан ғана емес, сонымен қатар мұнай мен радиоактивті қалдықтар тәрізді әртүрлі майлы сұйықтықтардан да тазартуға мүмкіндік береді.

«Біздің сүзгілердің артықшылығы неде? Олар әмбебап. Оны қарапайым сүзгілеуде ғана емес, сонымен қатар радиоактивті сұйық қалдықтардың мембраналық дистилляциясында да қолдануға болады. Трек мембраналары бірқатар ерекше қасиеттерге ие, бірақ мембраналық дистилляция мен сенсорлық үрдістерде тиімді пайдалану үшін олардың үстіңгі жағын өзгерту қажет. Осы мақсатта біз оны қарапайым және арзан әдіспен өзгерту жолдарын зерттедік. Бұл - әртүрлі мономерлердің фотоиницияланған егу полимерленуі. Суды тұзсыздандыру үшін мембраналық дистилляцияда, сондай-ақ қорғасын, кадмий және глюкоза иондарын анықтауға арналған электрохимиялық датчиктер ретінде қолданылатын су-май эмульсияларын бөлуге қабілетті жақсартылған сипаттамалары бар мембраналар алынды», - деп атап өтті ЕҰУ Инженерлік бейіндегі зертхананың аға ғылыми қызметкері, жобаның жауапты орындаушысы Илья Корольков.

Фильтр - трек мембраналарының ең қарапайым қолданысы. Ғалымдар бұған дейін суды тазартуға және оны ішуге қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін сүзгі құрастырған. Бірақ ол суды тек микроорганизмдер мен бактериялардан ғана тазартты, ал тұздардан, вирустардан, хлордан, темірден тазартпайтын.

ЕҰУ ғалымы Арман Есжанов мембраналық дистилляциямен айналысады. Ол трек мембранасының өнімділігін және тазалау дәрежесін арттыруға мүмкіндік беретін гидрофобты мембраналарды шығару әдістерін әзірледі.

«Бірнеше сағат ішінде біз бастапқы пленканың диаметріне байланысты бірнеше литрге дейін таза су ала аламыз. Тазарту дәрежесі 98-99 пайызды көрсетті. Енді біз бұл нәтижелерді алдымен ғылыми журналдарда жариялап, кейін қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз тұздардан бөлек пестицидтерден тазарттық, сонымен қатар сұйық радиоактивті қалдықтардан тазарту дәрежесі бойынша жоғары көрсеткіштер алдық. Бұл жерде изотоптардан тазарту дәрежесі 95-98 пайызды құрады. Біздің фильтріміз әмбебап өнім. Оның қолдану аясы өте кең», - деп түсіндірді Арман Есжанов.

Қазіргі уақытта ЕҰУ зертханасы бақыланатын гидрофильді және гидрофобты қасиеттерді қалыптастыру және химиялық белсенділікті арттыру үшін трек мембраналарының бетін модификациялау әдістерін жасауда. Наноталшықтары бар гибридті трек мембранасы супергидрофобты қасиеттерді көрсетеді және оны мембраналық дистиляция арқылы суды тұздардан тазарту үшін пайдалануға болады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)