"МузАрт" тойға шықпай ма": Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" деп сынағандарға жауап берді

28.03.2024, 12:39
1703
"МузАрт" тойға шықпай ма": Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" деп сынағандарға жауап берді abdizhappar_alkozha

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа "Бес жұлдыз" жобасында өзін "той әншісі" деп сынаған өнердегі әріптесі Ақмарал Ноғайбаеваға жауап берді.

Ол қазақ эстрадасының барлық өкілдері той-думандарға шығып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ашуға булыққан Әбдіжаппар Әлқожа азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесінің сөзінше, Ақмарал Ноғайбаева сол тұста оның әпкесі Роза Әлқожа жайлы да сөз қозғаған. Алайда ол жері эфирден алынып тасталған.

"Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс жасаймыз?" деді. Бұл "эстрада" театр емес, концерватория емес. Біз халықтың ығына жұмыс жасаймыз, халық тойына шақырса барамыз, халық концерт бер десе береміз. Сол үшін біз "Эстрада" әншісіміз. Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын. Керісінше ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын. Әр өнер адамының өзіндік пікірі бар. Айта алуға хақылы қылып осы "бес жұлдыз" бағдарламасын Мейрамбек Бесбаев ашқан.

Менің ол жерде айтқым келіп барымды салған себебім. Той әншісі деп бөлді. Роза әпкемді "той әншісі" деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым мен әпкем үшін тұрмасам, несіне жігітпін. Ақмарал әпкеден де басқа жандар той әншісі деп арманын Бейбарыс екеумізге айтты. Ол жерлерін эфирден қырқып тастапты", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Сонымен қатар ол бүгінгі қазақ эстрадасының барлығы да тойда өнер көрсететінін айтты.

"Иә мен той әншісімін! Қазақ эстрадасы түгел той әншісі. "МузАрт" тойға шықпайма? Тоқтар, Саят, Досымжан, "Жігіттер", Қайрат ағалар тойға шықпайма? Керек десеңіз дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік эстрадалық әндерге дауыс жазып алып тойда тіршілік жасап жүргенін. Ал бағдарламаға келгенде руханият жайлы болып қалады бәрінің әңгімесі. Тойсыз елмен қауышып жұлдыз болу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп негізі! Бірақ тоқтай білейін", - деп жазды әнші.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды