568

Қостанай облысында су басқан елді мекендерден 150 адам құтқарылды

ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарында және Қостанай облысының 9 қыстағында тұрғындарды эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді.

Қостанай облысында су басқан елді мекендерден 150 адам құтқарылды
ҚР ТЖМ

Аталған шара Қорғаныс министрлігінің әуекемелерінің көмегімен жүзеге асырылды.

Осылайша, жалпы саны 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды. Олардың 63-і – кәмелетке толмағандар.

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.