Отбасымен ұлттық стильде фотосессия жасаған Төреғали Төреәлі көпшілікке балаларын көрсетті (фото)

Аиса Махамбет Редактор
28.03.2024, 15:11
2034
Отбасымен ұлттық стильде фотосессия жасаған Төреғали Төреәлі көпшілікке балаларын көрсетті (фото) жеке парақшасынан

Әнші Төреғали Төреәлі жұбайы мен балаларымен және ата-анасымен фотосессия жасаған. Ұлттық стильде киінген хитменнің отбасы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Төреғали суретті Instagram-дағы парақшасында жариялап, халыққа жыр жолдарын арнады.

"Ассалаумағалейкум, айналайын, ағайын! Бұл әдемі суретті тілек жазып салайын.

Ниеттерің ақ болсын, наурыздың ақша қарындай. Бастарыңа бақ қонсын, шашыңның барлық талындай.

Санасы өсіп адамның, көңілде кір қалмасын. Құты қашып жаманның, жақсы тапсын жалғасын.

Тыныш болсын даламыз, түгел болсын нуымыз. Таза болсын ауамыз, тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын, оралмасын кез өгей. Кірісіміз көп болсын, наурыздағы көжедей.

Қабыл болсын Ораза, жасыңменен кәріңе, ТТТ-ның отбасы, бақ тілейді бәріңе", – деп жазды Төреғали.

Суреттен әншінің ата-анасын, жұбайы Толқынды және Төреғалидің бес баласын көруге болады.

Желі қолданушылары Төреғалидің отбасына сүйсініп, жарыса жылы лебіз арнады.

"Аман болыңыздар", "Тіл-көзден сақтасын", "Ұрпағыңмен мың жаса", "Кенже балаңыз анаңызға ұқсайды екен", "Қандай күшті отбасы", – деді желі қолданушылары.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды