«Тілге бөлінетін жылдық қаражат – 4 шақырым жолға жұмсалатын ақшамен тең»

28.03.2024, 16:28
1197
«Тілге бөлінетін жылдық қаражат – 4 шақырым жолға жұмсалатын ақшамен тең» бейнежазбадан алынған кадр

«Қазақ тілі» қоғамының президентінің айтуынша, қоғамда қазақ тіліне қыруар қаражат бөлінеді деген пікір бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Руханият LIVE: Jaqsy Podcast подкаст жобасында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтай мүшесі Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.

«Шын мәнінде, бұл мәселенің масштабына сәйкес келетін құйылған қаражат болған емес. Өйткені бұл расында  үлкен көлемді ресурс талап ететін мәселе. Қарапайым контент тұрғысынан қарағанда, өзге тілдердегі мазмұнның жанында, қазақ тіліндегі мазмұн – көлдегі тамшыдай»,-дейді Р.Кенжеханұлы.

Спикердің сөзінше, қазір тіл саясатына қатысты ведомствоның жылдық бюджеті миллиард теңгеден аспайды. Еліміздің 20 өңірінің тек бесеуінде тілмен айналысатын бөлек басқармалар бар, қалғандарында тілмен айналысатын – басқа басқармалар құрамындағы бөлімдер. Олардың әрқайсысының жанында тіл оқытатын орталықтар бар. Сондағы мамандардың жалақысы, ұстап тұруға кететін шығынды қоса есептегенде, бүкіл аймақта бөлінетіні тағы да бір миллиард теңгеден аспайды.

«Сонда әрі кетсе бір жылда мемлекет тарапынан жұмсалатын қаражаттың көлемі 2 миллиард теңгеге жетпейді. Ол аз ба, көп пе? Бір қарағанда, 2 миллиард деп айту көп болып көрінуі мүмкін. Бірақ салыстыру үшін,  бір мектептің салыну құны – қазір 10 миллиард, 1 шақырым жол салуға жарты миллиард теңге кетеді. Бейнелеп айтсақ,  бір жылда тіл мәселесіне кететін қаражат – 4 шақырым жолдың ақшасы»,-дейді ол.

Подкаст авторы Рахат Жақсыбай тілге қатысты дилеммаға тоқталды.

«Мәселен, қазақтардың халық санындағы үлесі 70 пайыздан асты, ҰБТ тапсырушылардың 75%-ы тесті қазақша тапсырады, 90-жылдардың басында 38% болған қазақ тілінде оқитын студенттер саны қазір негізгі басымдыққа ие. Алайда, осы табиғи өсім көрсеткішімен қатар, «аулаға шықсақ, балалар орысша сөйлейді, қазақ тілінің қолданыс аясы тар, отыз жылда көп нәрсе өзгермеді ме» деген пікір қайшылығы да бар»,-деді ол. 

Рауан Кенжеханұлы елімізде көп адамдардың тілді ұзақ уақыт игермеуі, қазақ тілінде сөйлемеуі эмоциялық тосқауылды еңсере алмауынан деп түсінеді.  

«Қазақстанда тұрып, қазақша сөйлеп кетпеу түсініксіз. Себебі сені қоршаған орта, айнала  түгел екі тілде жазылып, аударылып, дайын тұр. Радионы қоссаң да, қазақша-орысша сөйлеп тұр, телеарнаны қоссаң да, қазақша-орысша жазуы бар. Қазақстанда өмір сүретін кез келген азаматтың осында мектеп бітіріп, кемінде 200 сөз білмеуі мүмкін емес. Бірақ соны айналымға енгізу, ең қарапайым амандасу-қоштасу, бірдеңе сұрау деген сияқты дүниелерге қолдана бастауға кейде адамдар құлықсыз. Осы тілге деген дұрыс ниет пайда болса, әрі қарай сөйлеп кету жеңілдейді, -дейді спикер.

«Қызылжар» жанкүйерлері бас бапкердің отставкаға кетуін талап етті Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойында өнер көрсетті «Еркектің әрекеті қате»: Рүстем Жүгінісов қызды қаралағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады Абай облысында 8 сотталған әйел рақымшылықпен бостандыққа шықты Қарағанды маңында мотоциклші полиция көлігіне соғылып көз жұмды Қырғызстан вице-министрі автобустың үстінде билеп, TikTok жұлдызына айналды (ВИДЕО) Қазақстанда педофилдерді түрмеден шығар алдында кастрациялауы мүмкін Ресейлік жұлдыздар Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне келген «Суицид болуы мүмкін»: Атырауда жоғалған жігіт өлі күйінде табылды «Томирис» фильмінің жұлдызы шетелге кетті Путин гипердыбыстық зымыранын Беларусьқа орналастырамын деп Украина мен Еуропаға қоқан-лоқы жасады Павлодарда терезеден лақтырған балалардың бірі көз жұмды 2 тамыздағы ауа райы: найзағай, бұршақ, дауыл және төтенше өрт қаупі күтіледі «Lexus RX 350 бұйырыпты»: Желіде 3 минуттық макияж жасап танылған блогер Айшолпан өзіне көлік сатып алды «Жеті айдан кейін үйленіп кетті»: танымал блогер Сабина бұрынғы күйеуіне қатысты ашық мәлімдеме жасады «Дұға жасап қойыңыздар»: Ердос Қанаев жол апатына түскен Нұрсұлтан ұстаздың жағдайына қатысты пікір білдірді Астанада жасөспірімдер жүріп бара жатқан автобусқа асылып алған (ВИДЕО) Ұлттық банк теңгені құтқару үшін 125 миллион доллар жұмсады Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалған Ердоған: Палестинаның тәуелсіздігін мойындауды қос қолдап қолдаймыз