«Тілге бөлінетін жылдық қаражат – 4 шақырым жолға жұмсалатын ақшамен тең»

28.03.2024, 16:28
1321
«Тілге бөлінетін жылдық қаражат – 4 шақырым жолға жұмсалатын ақшамен тең» бейнежазбадан алынған кадр

«Қазақ тілі» қоғамының президентінің айтуынша, қоғамда қазақ тіліне қыруар қаражат бөлінеді деген пікір бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Руханият LIVE: Jaqsy Podcast подкаст жобасында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтай мүшесі Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.

«Шын мәнінде, бұл мәселенің масштабына сәйкес келетін құйылған қаражат болған емес. Өйткені бұл расында  үлкен көлемді ресурс талап ететін мәселе. Қарапайым контент тұрғысынан қарағанда, өзге тілдердегі мазмұнның жанында, қазақ тіліндегі мазмұн – көлдегі тамшыдай»,-дейді Р.Кенжеханұлы.

Спикердің сөзінше, қазір тіл саясатына қатысты ведомствоның жылдық бюджеті миллиард теңгеден аспайды. Еліміздің 20 өңірінің тек бесеуінде тілмен айналысатын бөлек басқармалар бар, қалғандарында тілмен айналысатын – басқа басқармалар құрамындағы бөлімдер. Олардың әрқайсысының жанында тіл оқытатын орталықтар бар. Сондағы мамандардың жалақысы, ұстап тұруға кететін шығынды қоса есептегенде, бүкіл аймақта бөлінетіні тағы да бір миллиард теңгеден аспайды.

«Сонда әрі кетсе бір жылда мемлекет тарапынан жұмсалатын қаражаттың көлемі 2 миллиард теңгеге жетпейді. Ол аз ба, көп пе? Бір қарағанда, 2 миллиард деп айту көп болып көрінуі мүмкін. Бірақ салыстыру үшін,  бір мектептің салыну құны – қазір 10 миллиард, 1 шақырым жол салуға жарты миллиард теңге кетеді. Бейнелеп айтсақ,  бір жылда тіл мәселесіне кететін қаражат – 4 шақырым жолдың ақшасы»,-дейді ол.

Подкаст авторы Рахат Жақсыбай тілге қатысты дилеммаға тоқталды.

«Мәселен, қазақтардың халық санындағы үлесі 70 пайыздан асты, ҰБТ тапсырушылардың 75%-ы тесті қазақша тапсырады, 90-жылдардың басында 38% болған қазақ тілінде оқитын студенттер саны қазір негізгі басымдыққа ие. Алайда, осы табиғи өсім көрсеткішімен қатар, «аулаға шықсақ, балалар орысша сөйлейді, қазақ тілінің қолданыс аясы тар, отыз жылда көп нәрсе өзгермеді ме» деген пікір қайшылығы да бар»,-деді ол. 

Рауан Кенжеханұлы елімізде көп адамдардың тілді ұзақ уақыт игермеуі, қазақ тілінде сөйлемеуі эмоциялық тосқауылды еңсере алмауынан деп түсінеді.  

«Қазақстанда тұрып, қазақша сөйлеп кетпеу түсініксіз. Себебі сені қоршаған орта, айнала  түгел екі тілде жазылып, аударылып, дайын тұр. Радионы қоссаң да, қазақша-орысша сөйлеп тұр, телеарнаны қоссаң да, қазақша-орысша жазуы бар. Қазақстанда өмір сүретін кез келген азаматтың осында мектеп бітіріп, кемінде 200 сөз білмеуі мүмкін емес. Бірақ соны айналымға енгізу, ең қарапайым амандасу-қоштасу, бірдеңе сұрау деген сияқты дүниелерге қолдана бастауға кейде адамдар құлықсыз. Осы тілге деген дұрыс ниет пайда болса, әрі қарай сөйлеп кету жеңілдейді, -дейді спикер.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды