«Біз қалағандай бола бермейді»: Ләйлә Сұлтанқызы Арман Давлетяровтың жүргізушіліктен неге кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.03.2024, 17:52
16524
«Біз қалағандай бола бермейді»: Ләйлә Сұлтанқызы Арман Давлетяровтың жүргізушіліктен неге кеткенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әріптесі Арман Давлетяровтың «Төрлетіңіз» бағдарламасынан не себепті кетіп қалғанын ашып айтты. БАҚ өкілі енді бағдарламаны актер Тәуекел Мүсіліммен бірге жүргізетін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында көпшілікке «Төрлетіңіз» бағдарламасының жаңа жүргізушісін таныстырып, белгілі телепродюсер Арман Давлетьяровтың жобадан не себепті кеткенін түсіндірді.

БАҚ өкілі бұл уайымдайтын жағдай емес екенін айтып, көрермендерді жаман ойлардан аулақ болуға шақырды.

"Құрметті оқырманым, көрерменім! Арман Давлетьяров екеуміз "Төрлетіңіз" хабарының екі маусымын жүргізгенімізді қысқа Reels, Stories, жазбалар арқылы көбіңіз жақсы білесіздер. Күні кеше 3-маусымның алғашқы бөлімі эфирге шықты. Арекеңнің орнында жас болса да, осы уақытқа дейін көптің көзайымына айналған, сымбатты, иманды, жылы жүзді Тәуекелді көргендер "Арманмен не жағдай болып қалды екен?" деп сұрап, жекеме әлі күнге дейін жазып жатыр.

Көңіл, ниеттеріңізге рақмет! Уайымдайтын жағдай емес. Шын мәнінде Арекеңнің басқа да жобалар жасап жүргенін жеке парақшасынан көруге болады. Бәрі біз қалағандай бола бермейді ғой бұл өмірде. Уақыт пен мүмкіндіктің ыңғайы бірдей келмегендіктен ағаның жолын інісі жалғастырды", - деп жазды Сұлтанқызы.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді