1681

«Қазақтарды қарсы ал»: Мадина Сәдуақасова ата-анасымен Таиландқа демалысқа ұшып кетті (фото)

Өнер иесі ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«Қазақтарды қарсы ал»: Мадина Сәдуақасова ата-анасымен Таиландқа демалысқа ұшып кетті (фото)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова тығыз жұмыс кестесінен уақыт тауып, арнайы ата-анасын шетелге демалысқа алып кетті.

Мадина Сәдуақасова бұл сапар өзі үшін аса ерекше екенін алға тартты. Себебі әнші бұл жолы өз жанұясымен емес, ата-анасымен бірге шетелге аттанған.

Өнер иесі Алматы әуежайынан фото мен видео жариялап, елді қызықтырып қойды. Сәдуақасова бастапқыда қай елге ұшып бара жатқанын құпия ретінде сақтап қалды.

"Ата-анам бұл елге алғаш рет бара жатыр", - деп айтты әнші.

Сурет: Әншінің жеке парақшасынан

Алайда артынан оқырмандарына Таиландқа жол тартқанын айтты.

"Аман-есен жеттік. Сәлем, Тай. Қазақтарды қарсы ал. Бұл ел ата-анама ұнау керек", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Эстрада жұлдызы оқырмандарына желіде асқан белсенділік танытып, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуге уәде етті.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор