Астанадағы рейдтер: вейп пен насвай әуесқойлары жауапкершілікке тартылып жатыр

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 14:10
663
Астанадағы рейдтер: вейп пен насвай әуесқойлары жауапкершілікке тартылып жатыр gov.kz

Тәркіленген барлық өнімнің көзі жойылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елорданың барлық ауданында 18 наурыздан бастап вейп пен насвайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр.

Рейдтік іс-шаралардың 2 аптасында 700-ден астам сауда нүктелері тексеріліп, шекпейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насвай өндірісі бойынша жерасты цехтарын сатудың 150-ге жуық фактісі анықталған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

Полицейлер аудан әкімдіктерінің қызметкерлерімен бірлесіп, сауда нүктелерін тексереді және таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Алматы ауданындағы рейд барысында полицейлер 51 фактіні анықтады, оның ішінде шекпейтін темекі өнімдерін сатудың 40 фактісі (насвай) тіркелді. Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданыла отырып, әкімшілік хаттамалар жасалды.

Мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 11 фактісі, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданында сауда орындарында жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде. Рейд басталғаннан бері 50 бұзушылық анықталып, 30 келіге жуық насвай тәркіленді.

Есіл ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында шекпейтін темекі өнімдерін сатудың 11 фактісі анықталды, оның ішінде насвай саудасы үшін 7 факт және кәмелетке толмаған тұлғаларға вейптерді сатудың 4 фактісі тіркелді.

Полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК 196-бабы мен 423-бабы 1-бөлігінің 1-бөлігіне сәйкес, 25 АЕК (92300 теңге) сомасына айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, Астанада 4 тонна насвай тәркіленді, оның құны 20 млн теңгеден асады.

Тәркіленген барлық өнім жойылды. Елорданың сауда нүктелері бойынша рейдтер күн сайын жүргізіледі.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды