«Өлімін жаңалықтардан естідік». Айтбек Амангелді оқиға болған күнгі жағдайды баяндады

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 15:30
1242
«Өлімін жаңалықтардан естідік». Айтбек Амангелді оқиға болған күнгі жағдайды баяндады бейнежазбадан алынған кадр

«Салтанаттың өлімін естіп, анам шыңғырып жатты» дейді Айтбек Амангелді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенованың отбасылық өмірі мен қайтыс болған күнгі оқиғаларды баяндады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Соңғы рет 8-нен 9 қарашаға қараған түні 00:40-та қоңырау шалды. «Үйдесің ба? Мен Қуандықтан кетемін, шаршадым», - деп айтты. Оны күтіп, 20 минуттан соң жаздым, хабарластым. Бірақ телефонын көтермеді. Геолокациясын тексергенде Гастрорталықта екені белгілі болды. Таңертең ұйқыдан тұра сала қайда екенін сұрап, жаздым. Бірақ мен жіберген хатты түскі уақытта оқыды. Кешірек жауап беретін шығар деп ойлап, үйге қайттым, - дейді Айтбек Амангелді.

Ал қарындасының қайтыс болғанын өзгелерден естіген.

Кешкі сағат 8-9дарда тамақтануға отырғанымда, Салтанаттың құрбысы хабарласты. Ол «Бұл шын ба?» деп сұрай берді. Кейін маған «Қуандық Бишімбаев Салтанатты Бау ресторанында өлтірді» деген ақпаратты жіберді. Мен бұл жалған ақпарат деп, бірден олардың үйіне бардым. Бірақ үйлерінде ешкім болмады. Содан 102-ге хабарласып, қарындасым туралы сұрадым. Олар бұл ақпаратты растап, көңіл айтып, Гастроцентрге баруымды өтінді. Осы кезде әкем хабарласты. Олар да жаңалықтан көрген. Оқиға болған жерге барғанымда қаптаған журналистер, полиция өкілдерін көрдім. Тергеуші криминалистер жұмыс істеп жатқанын айтып, мені өткізбеді. Тергеуші Салтанаттың қайтыс болғанын растады. Осыдан кейін мен әкеме хабарластым. «Иә, әке, бұл шындық. Салтанатты Қуандық өлтіріпті», - дедім. Ар жақтан анам естіп, шыңғырып жатты. Соңғы рет 8 қарашада сөйлескенімде оның дауысы өте аянышты естілді. Жылап тұрғандай болды, - дейді Айтбек Амангелді.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған