Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың туысы видеоны жоюға тапсырма бергенін мойындады

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 15:58
915
Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың туысы видеоны жоюға тапсырма бергенін мойындады Jogargy_sot

«Мен шынымен бейнежазбаларды жоюды сұрағанымды мойындаймын» деді Қуандық Бишімбаев.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов сотта мейрамханадағы бейнежазбаларды жоюға тапсырма бергенін мойындады. Салтанат Нүкенованың үйіне кеткенін көрсету үшін телефонын бірнеше жерге апаруды сұрады. Бұл туралы sputnik.kz жазды. 

Алқабилердің қатысуымен негізгі сот отырысы басталды. Прокурордың айыптау актісінен кейін судья Айжан Көлбаева сотталушы Бақытжан Байжановты тұрғызып, оған тағылған айыптармен келісетінін, я келіспейтінін сұрады.

Бишімбаевтың туысы Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр. 

"Мен шынымен бейнежазбаларды жоюды сұрағанымды мойындаймын. Сондай-ақ Салтанаттың телефонын үйіне апарып беруді сұрадым. Қылмыс жасадым ба, жоқ па, оны білмеймін. Мәселе мынада, мен дәл сол күні Салтанат өлейін деп жатыр ма, жоқ әлде қайтыс болды ма, түсінбегенмін", - деді Байжанов.

Осыдан кейін судья:

"Тағылған айыптар бойынша өз кінәңізді мойындайсыз ба?", - деп тағы сұрады.

Байжанов "қылмыс жасадым ба, жоқ па, оны білмеймін" деген сөзбен қысқа ғана қайырды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады