«Ішкиімсіз билегім келеді»: Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұрудың артықшылықтарын айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.03.2024, 20:34
14487
«Ішкиімсіз билегім келеді»: Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұрудың артықшылықтарын айтты жеке парақшасынан

«Олар біздің кеткенімізге қуанды» дейді енесі туралы Баян Мақсатқызының үлкен қызы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек енесімен қарым-қатынасы жайлы ағынан жарыла әңгімелеп берді.

«Жер сілкінісінен кейін бір жарым ай ата-енеміздің үйіне барып тұрдық. Ол кісілер бізді қуана қарсы алды, бірақ өз үйімізге қайтқанда екі есе қуанған шығар. Себебі біздің екі баламыз, ол екеуіне екі күтушіміз бар, екі итімізді қосып алғанбыз. Оның бәрін бір үйге сыйғызу, қонақ ету оңай емес. Бірге тұрған күндеріміз жақсы тәжірибе болды, бірақ бөлек тұрғанның рахаты басымдау.

Менің енем керемет адам. Бірақ мен онымен бірге тұруды қаламаймын. Бірге тұрсаң өмір бойы бала боп қалуың мүмкін. Мен өз үйіме өзім қалаған ыдысты алғым келеді. Кейде ішкиіммен немесе ішкиімсіз билей салғанды ұнатамын. Өз үйімде ешкімнен қысылмай, қымсынбай өмір сүрсем деймін. Қазіргі өмірім сондай, қаласам түске дейін ұйықтап аламын. Үйімді көңілім түскенде ғана жинаймын және ол үшін өзімді жазғырмаймын.

Негізі бала ата-анасынан көргенін істейді, сондықтан кішкентай кезінен олардың бір-біріне деген махаббатын, еркелеткендерін, құшақтасып, сүйіскендерін көріп өсуі тиіс. Болашақта мен де қыздарымның ата-енесінен бөлек тұрғанын қалар едім. Әр әйелдің өз асханасы, өзі билеп-төстейтін үйі болуы тиіс», - деді Айсәуле Бақытбек. 

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек елге белгілі онколог-дәрігер Диляра Хайдарованың келіні. Ол қазір екі қыз тәрбиелеп отыр.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды