Еріктілер су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетіп жатыр

30.03.2024, 09:55
931
Еріктілер су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетіп жатыр ашық дереккөзден

Халыққа көмек көрсетуге барлығы 500-ден астам ерікті, волонтерлық ұйымдар мен топтар жұмылдырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еріктілер Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай облыстарындағы суға кеткен аймақтарда адамдарды эвакуациялап, аумақтарды жинасуға көмек қолын созып, ыстық тамақ пен ауыз су таратуға және басқа да түрлі іс-шараларға белсенді атсалысып жатыр.

Халыққа көмек көрсетуге барлығы 500-ден астам ерікті, волонтерлық ұйымдар мен топтар жұмылдырылды.

Мәселен, Қостанай облысының Арқалық қаласында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері еріктілермен бірлесіп, ауданның 45 үйінде еріген суды сору жұмыстарын жүргізді, 880 тоннадан астам қож және 120 тонна топырақ пайдаланылып, 300-ден астам инертті материал төселді.

Оқу орындарының студенттерінен жасақталған волонтерлік топтар суға кетуі мүмкін, қауіпті үйлердің аумағын қардан тазартпақ. Бұл іске облыс бойынша барлығы 200-ге жуық ерікті тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлердің аймақтық фронт офисі, «Көмек жаныңда» волонтерлік қозғалысы және ТЖД-мен бірлесіп, су басу қаупі бар жерлерге рейдтер жүргізіп, тұрғындарға нұсқау беріп, жадынамалар таратып жатыр.

Қала мен аудандардағы су басуы мүмкін, қауіпті учаскелерде орналасқан тұрғын үйлер ерекше бақылауға алынды.

Барлық өңірлерде арнайы волонтерлық топтар ұйымдастырылған, қажет болған жағдайда олар құтқару қызметтеріне көмектесетін болады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады