Астанада мектеп оқушылары қатерлі ісік жасушаларын жоятын экстракт ойлап тапты

30.03.2024, 13:30
1095
Астанада мектеп оқушылары қатерлі ісік жасушаларын жоятын экстракт ойлап тапты gov.kz

Жас ғалымдар жаңалығы үшін АҚШ-та оқуға грант жеңіп алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада №73 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Әлішер мен Мадияр Әкімжановтар мия тамырынан патогенді микроағзаларға қарсы экстракт ойлап тапты. Оның қатерлі ісікке қарсы тұратын қасиеті бар деп болжап отыр.

«Барлық жұмыстардан кейін микробқа және саңырауқұлаққа қарсы сынақ жасалды. Нәтижесінде czapek культурасында өсірілгеннен кейін зерттеу барысында S.Aureus, E.coli, C.Albicans және A.fimagatus микроағзаларын толықтай жойды. Бұл дегеніміз экстрактының құрамында токсикалық заттар бар дегенді білдіреді. Олар патогенді организмдерді толықтай жойды», – дейді жас ғалымдар.

Әлішер мен Мадияр зерттеу жұмыстарымен жүйелі түрде айналысып келеді.

«Егіздер барлық пәнді қызыға оқиды. Әсіресе екеуінің де биология пәніне деген қызығушылығы өте жоғары. Биология, химия пәндері бойынша аудандық, қалалық олимпиадалардың жүлдегерлері. Олар биология, химия ғылымына қызығушылығы бар балаларға арнап мектепте «Science club», қала көлемінде «Discovery Alliance» клубтарын ашып өз білімдерімен бөлісуде», – дейді Әлішер мен Мадиярдың сынып жетекшісі және биология пәнінің мұғалімі Сәуле Әміржанова.

Жас зерттеушілер Education USA-дан АҚШ университеттеріне толық қолдау бойынша грант жеңіп алды. Оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап онлайн оқып жатыр. Бұл курс 1 жылға созылады.

«Менің биология пәніне қызығушылығым 7 сыныпта пайда болды. Онлайн сабақ кезінде биология пәнін тыңдаған маған қатты ұнайтын еді. Осылайша мектептен осы пәннен мықты білім ала бастадым. Тағыда басқа «NextBio» лабораториясына биотехнология бағыты бойынша қосымшаға түскенде қызығушылығым одан сайын арта бастады. Биология бойынша зерттеу жұмыстарын орындап жатқан себебім бұл пәнді жоғары деңгейде меңгергім келеді. Биологияны жастар арасында қызықтыру үшін әртүрлі клубтар және тегін курстар өткізе бастадым. Оның пайдасы өте зор. Себебі биологиядан курстар жүргізген кезде өзім де көп ізденемін, дамимын. Алдағы уақытта биология ғылымын әлемдік деңгейде меңгергім келеді. Қазір Америка Құрама Штаттарына оқуға түсу үшін дайындалып жатырмын», – дейді Әлішер Әкімжанов.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр