SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сотта куәгерлердің бірі оқыс оқиға болған күні көргендерін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.
"Байжанов маған қоңырау шалып, BAU мейрамханасына тездетіп көтеріл деді. Мен бірден сол жаққа қарай бардым. Мен кірген кезде ол жерде жедел жәрдем болды, Қуандықтың қолында пышақ болды. Мен қорқып кеттім, ол пышақпен дәретханаға қарай кетіп қалды. Біз бірден оның соңынан бардық та, пышақты тартып алып, полицияның келуін күттік.
15-20 минуттан кейін полиция келді. Бишімбаев ештеңе айтпады, ол абдырап қалған күйде еді. Жалпы бәріміз де абдырап қалған едік, мен де қатты қорықтым. Оны көрген кезімде ол бірден дәретханаға кетіп бара жатты. Ол дәретхана есігін жауып алды, ал біз бірден артынан барып, оған ештеңе болмас үшін есікті ашып, пышақты тартып алдық та, полицияны күттік", - дейді куәгер.
Ол сондай-ақ Бишімбаевтың жылап, "мұны не үшін істедім, бұл не?" дегенін айтты.
"Ол әбден абдыраған күйде болды. Біз де абдырап қалған едік. Бақытжан да дәл сондай күйде болды. Мен оның не туралы айтып жатқанын білмедім. Кейін ғана өлім туралы білдім. Ол қарсыласпады, сондықтан біз пышақты бірден тартып алдық. Ол масаң күйде болды", - дейді куәгер.
Куәгер сондай-ақ Бишімбаевтың қайта-қайта "Оны мен өлтірдім бе?" деп сұрағанын да айтты.
"Содан соң мен Бақытжанның (Байжанов – ред. ескерт.) полиция шақырып, №1 VIP-кабинада оның әйелінің (Бишімбаевтың – ред. ескерт.) денесі жатқанын түсіндіргенін білдім. Біз оны ұстап тұрған кезде Бишімбаев әйелін өзі өлтіргенін, оның "№1 VIP-кабинада жатқанын айтты. Сондықтан ол өзін өлтіргісі келген болуы мүмкін", - деп қосты куәгер.