Үш жасар егіздерді зорлаған өгей атаға қатысты сот шешімі шықты

Аиса Махамбет Редактор
30.03.2024, 15:55
745
Үш жасар егіздерді зорлаған өгей атаға қатысты сот шешімі шықты polisia.kz

Қаскөй егіздерден бөлек осы үйдің 7 жасар қызын да қорлаған болып шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында үш жасар егіздерді зорлаған қаскөйге сот шешімі шықты.

Бүлдіршін қыздарға зәбір көрсеткен Арслан Қыдырбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қаршадай немерелерін көңілдесінің қойнына салып берген әйел де 25 жылын түрмеде өткізуге тиіс

Еске салсақ, Бақанас ауылында үш жасар егіз қыздардың зорланғаны былтыр күзде белгілі болды. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ, қауіпсіздігіне де ешкім бас қатырмаған. Соны пайдаланған әжесінің 43 жастағы көңілдесі әуелі біреуіне, кейін екіншісіне зәбір көрсеткен. Ішімдікке сылқия тойып алған Арслан Қыдырбаевтің қойнына қыздарды өз әйелі салып берді деген күдік ақыры сотта дәлелденіпті. Егіздермен қоса, қаскөйдің қорлығын осы үйдің жеті жастағы басқа қызы да көргені кейін белгілі болды. Сотта екеуі де кінәсін толық мойындаған.

"Сотталушы К. аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы А. аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды",—дейді Алматы облысы сотының баспасөз хатшысы Маржан Әлімбетова.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?