Heriot-Watt университетінің филиалына түсуге арналған ағылшын тілінен екінші емтихан өтті
Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалына түсуге ниетті талапкерлер ағылшын тілінен тестілеуге қатысты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, емтихан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, британдық университеттің ұйымдастыруымен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында өтті.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан емтиханға 100-ден астам талапкер қатысты. Тестілеуге қатысқан талапкерлер Ақтөбе облысының аудандарымен қатар, еліміздің Қызылорда, Павлодар, Шымкент және Орал өңірлерінен келді.
Емтихан уақытында филиал мамандары талапкерлердің ата-аналарына арнайы инфосессия өткізді. Кездесуде ата-аналар оқуға қабылдау шарттары, оқу процесі және Heriot-Watt филиалы беретін мүмкіндіктері туралы түрлі сұрақтар қойды.
Айта кетейік, бұл биылғы жылы ағылшын тілінен өткен екінші қабылдау емтиханы. Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты тестілеуге қатыса алмаған талапкерлер 27 сәуірде өтетін емтиханға қатыса алады.
Материал авторы