Нартай Аралбайұлы: Орал су астында қалуы мүмкін, Ресейден Қазақстанға қарай су көп келіп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
31.03.2024, 20:09
931
Нартай Аралбайұлы: Орал су астында қалуы мүмкін, Ресейден Қазақстанға қарай су көп келіп жатыр коллаж smartnews.kz

Депутат Орал су астында қалуы мүмкін екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Батыс Қазақстан облысының жедел штабына барған. Ол Орал су астында қалуы мүмкін екенін айтты. Өйткені Ресейдің су қоймаларынан Қазақстанға қарай өте көп су келіп жатқан көрінеді. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

"Себебі ауа температурасы көтеріліп жатыр, жауын-шашын шамадан тыс түскен, оған қоса Ресейден Қазақстанға қарай ағатын өзендерге артық су жіберілі жатыр. Салдарынан Жайық, Деркөл және Шаған өздерінің арнасынан асып тасу қаупі бар. БҚО орталығымен өтетін Шаған өзенінің дейгейі 1 тәулікте 1 метрден аса көтерілген. Олай болған жағдайда Орал қаласын су басу қаупі бар деді штабтағы мамандар", - деп жазды ол.

Депутаттың сөзінше, Батыс Қазақстан облысына ең жақын Ресейдің Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 372 текшеметр су құйылып жатыр. Сондай-ақ, Варфоломеев су қоймасынан Сарыөзенге секундына 100 текшеметр су келіп жатыр. Бұл өте көп.

"Ал Жайық өзеніне келсек, оның максималды биіктігі 8,5 метр, одан асса Оралды су шаю қаупі бар. Бірнеше өзеннің қатар тасуы 1994 жылы тіркелген екен. Ол өте қатерлі жайт. Бірақ мамандар күн-түн демей тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жатыр. Жалпы Батыс Қазақстан облысындағы 9 ауданда су тасу қаупі бар.25 наурыздан бастап облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб өз жұмысын бастады. Осы күнге дейін штабқа 2690 өтініш келіп түскен. Қазір тасқын судан қатты зардап шеккен Қаратөбе ауданы мен Сырым ауданына аттандым", - деп жазды Нартай Аралбайұлы.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды