Ақтауда аралас жекпе-жек чемпионатында 17 жастағы спортшы қайтыс болды

01.04.2024, 14:18
815
Ақтауда аралас жекпе-жек чемпионатында 17 жастағы спортшы қайтыс болды Kazinform

Ақтауда NOMAD MMA спортынан өткен облыс чемпионаты кезінде жасөспірім бала қайтыс болды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Спортшының өлімі туралы Маңғыстау облыстық NOMAD MMA федерациясының өкілдері мәлімдеді. Аталған чемпионат Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен.

«Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы құлап қалды. Оған алғашқы көмекті «Батыр» спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті. Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Өкінішке қарай, жас жігітті өлімнен арашалап қала алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Құзырлы органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр. Біз марқұм спортшының жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», — деді Маңғыстау облыстық Nomad MMA федерациясының өкілдері.

Маңғыстау облыстық чемпионаты 30-31 наурыз күндері өтіп, NOMAD MMA спортынан балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер бойынша 300-ге жуық спортшы сынға түсті.

52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған