Түркістан облысында колледж директорын бопсалап, 28 млн теңгесін алған әйел 7 жылға сотталды

01.04.2024, 20:40
815
Түркістан облысында колледж директорын бопсалап, 28 млн теңгесін алған әйел 7 жылға сотталды egov.kz

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Оқиға 2018 жылы болған. Колледжге қызметке орналасқан келіншек директормен жыныстық қатынасқа түсіп, оны ұялы телефонына басып алған. Содан бастап, қомақты қаражат бермесең, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытып келген. Алғашқыда 2 500 000 теңге алған әйел, бұл әрекетті бірнеше мәрте қайталаған. Бірте-бірте қаржы көлемінде ұлғайтып отырған. Бірінде көлік алып беруін талап еткен. Ал, ең соңғы талабында 13 млн теңге сұраған.

Күдіктінің қылмыстық әрекет жасауын тоқтатпайтынына көзі жеткен жәбірленуші Түркістан облысының полиция департаментіне арызданған.

Сот шешімімен сотталушы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Сот түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 28 000 000 теңге өндіріп беретін болды.

«Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды