Су министрі өзіне берілген қатаң сөгіске пікір білдірді

02.04.2024, 13:15
805
Су министрі өзіне берілген қатаң сөгіске пікір білдірді gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзіне тасқынға қарсы дайындықты қажетті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін берілген қатаң сөгіс туралы пікір білдірді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. 

«Біздің елде меморгандардың жауапсыздығынан болған келеңсіздіктер үшін шенеуніктердің кінәні мойнына алатын тәжірибесі жоқ. Бәлкім сіз бірінші болып тасқынға байланысты айыбыңызды мойындайтын шығарсыз?» - деп сұрады журналист.

Министр бұл сұраққа қазір кінәліні іздеуден бұрын жағдайда ретке келтіру әлдеқайда маңызды екенін айтып жауап берді. 

«Маған қатаң сөгіс берді. Енді қазіргіден де шығыны көп шараларға жол бермеу керек болып отыр. Жергілікті мемлекеттік органдармен, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге шаралар қабылдауымыз керек. Қазір бүкіл меморгандар жұмыс істеп жатыр. Сол жұмыстардың қорытындысы бойынша, шаралар қабылданатын шығар. Тағы да айтқым келеді, шешім тасқын ахуалының алдын алу бағытындағы әрекеттердің қорытындысы бойынша қабылданады», - деді Нұржан Нұржігітов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді