1042

Шымкентте атыс болды: зардап шеккендер бар

Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды.

Шымкентте атыс болды: зардап шеккендер бар
otyrar.kz

Otyrar.kz порталының хабарлауынша, оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі сағат 12.00 шамасында болған.

«Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді. 

Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр.