Жетісайда полицейлер жүргізушіге электрошокер қолданған (ВИДЕО)

02.04.2024, 17:19
853
Жетісайда полицейлер жүргізушіге электрошокер қолданған (ВИДЕО) halyq-uni.kz

Түркістан облысының Жетісай ауданында полиция басқармасының қызметкерлері ішімдік ішті деп күдіктенген көлік жүргізушісіне электрошокер қолданған.

Otyrar.kz хабарлауынша, оның видеосы Асылбек Тумышев атты азаматтың Facebook желісіндегі парақшасына жарияланған, деп хабарлады .

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған. Полицейлер оны ішімдік ішті деген күдікпен тексеруге алып кеткісі келген. Алайда ер адам ішімдік ішпегенін айтып, полиция көлігіне отырудан бас тартқан. Ал жүргізушінің өзі полицейлерге бес уақыт намазын оқып, мешітте азан шақырып жүргенін, өмірге келгелі спирттік ішімдік ішпегенін айтқан. Оған тәртіп сақшылары сенбей, талапқа бағынбаған жүргізушіге электрошокер қолданып, тексеруге алып кеткен. Тексеруде жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталған.

Жүргізушінің айтуынша, электрошокердің салдарынан оның денесі жарақаттанған.

Осыдан кейін Түркістан облыстық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді. Полицияның мәліметіне қарағанда, құқық қорғау органының қызметкерлері көшелерді патрульдеу кезінде Daewoo NEXIA автокөлігі жүргізушісінің ережесі бұзғанын анықтаған.

Жүргізушіде сақтандыру полисі болмаған. Көлігі техникалық байқаудан өтпеген. Ол жол белгілерінің талаптарын сақтамаған. Соған байланысты әкімшілік хаттамалар толтырылған, – деді полицейлер.

Осы оқиғадан кейін жүргізуші Түркістан облысының полиция департаментіне арызданған. Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша тәртіп сақшыларының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады