Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады

02.04.2024, 18:50
521
Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады primeminister.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады.

 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы келесі жұмыстар жүргізілуде.

Министрдің мал шаруашылығы және ветеринария мәселелері жөніндегі орынбасары министрліктің және оның аумақтық бөлімшелері мен облыстар әкімдіктерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі тікелей тұлға ретінде бекітілді, ҚР АШМ комитеттерінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары облыстық штабтардың құрамына енгізілген.

Су басқан өңірлердегі мал өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жедел деректер бойынша шамамен 30 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Сонымен қатар қауіп-қатердің әлі де сейілмей отырғанына және су тасқынының болжамды екінші толқынына байланысты жергілікті атқарушы органдар халықты ақпараттандыру және қауіпті жерлерден малды алдын ала айдап әкету бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Өкінішке қарай, су тасқынына байланысты мал шығынынан құтылу мүмкін болмай отыр. Сондықтан қазір өлген мал саны есептеліп, деректер нақтылануда.

Эпидемиологиялық қауіп-қатерді азайту үшін өңірлерде «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ мамандары жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының балансында техника, дезинфекциялау құралдары, отын қоры, сондай-ақ өлген мал өлекселерін жоятын инсинераторлар бар. Су тартылғаннан кейін Министрліктің эпизоотияға қарсы отряды облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп өлген жануарларды жинап, жоюға кіріседі.

ҚР АШМ қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаумен қатар, су тасқынына қарсы күрес және олардың зардаптарын жою жұмыстарына жұмылдырылған.

Су тасқыны салдарынан ТЖ режимі кезінде мал өлген жағдайда өтемақы жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен төленетін болады.

Су басқан орындардан айдалған мал басына азық жетіспеген жағдайда, «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ фермерлердің өтінімдері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру шартымен малға азық жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін облыстық штабқа төмендегі нөмірлер арқылы хабарласу қажет:

Астана - 7172 24-51-47, 74-22-79

Алматы - 8-707-112-64-41

Шымкент - 7252 33-74-78

Абай облысы -7222 56-15-15, 56-37-59

Алматы облысы - 72772 2-61-02, 2-61-51

Ақмола облысы - 7162 52-55-18

Ақтөбе облысы - 7132 97-24-67

Атырау облысы - 7122 45-00-00

ШҚО- 7232 57-00-29, 57-00-35

Жетісу облысы - 7282 22-15-91, 22-38-52

Жамбыл облысы - 7262 45-68-29, 45-17-43

БҚО - 7112 51-42-22

Қарағанды облысы - 7212 43-36-36, 43-37-37

Қызылорда облысы - 7242 24-41-61, 24-58-30

Қостанай облысы - 7142 50-07-44, 50-04-55

Маңғыстау облысы - 7292 70-17-07

Павлодар облысы - 7182 32-36-92, 53-57-49

СҚО - 7152 52-24-54, 52-21-72

Түркістан облысы - 72533 5-99-96

Ұлытау облысы + 7102 72-11-65

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады