Айгүл Жамалова MNU Халықаралық журналистика мектебінің деканы болып тағайындалды

02.04.2024, 18:16
1290
Айгүл Жамалова MNU Халықаралық журналистика мектебінің деканы болып тағайындалды Ospan Ali

Халықаралық журналистика мектебінде жаңа декан.

Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына Айгүл Жамалованың тағайындалғаны туралы хабарлайды.
Maqsut Narikbayev University - халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы. Университет командасына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалова қосылды.
Айгүл Жамалова - медиа саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби журналист және медиаменеджер. Ол беделді «Болашақ» стипендиясы арқылы Ұлыбританияның Лидс университетінің Халықаралық журналистика магистрі дәрежесіне ие болды. Ал 2021 жылдан бастап MNU-де лектор қызметін атқарады.
Maqsut Narikbayev University командасына қосылғанға дейін Айгүл Жамалова «Жетінші арна», «Atameken Business» сияқты Қазақстанның жетекші медиакомпанияларында басшылық қызметтерін атқарды. Оның digital-стратегияларын әзірлеу және іске асыру, интернет-маркетинг, интернеттегі жеке және корпоративтік брендті жылжыту, сондай-ақ үш тілде эксклюзивті сұхбаттар жүргізу және мәтін жазу саласында мол тәжірибесі бар.
Өз қызмет жолында Айгүл Жамалова «Астана» халықаралық қаржы орталығында корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор лауазымын атқарды, онда брендтің жаңартылған digital-стратегиясын іске асырумен және ішкі коммуникацияларды құрумен айналысты. 
Maqsut Narikbayev University Айгүл Жамалованың мол тәжірибесі, терең білімі және көшбасшылық қабілеті университеттің дамуына оң әсер етіп, ал Халықаралық журналистика мектебі оның жетекшілігімен Қазақстанда білікті журналистерді даярлаудың орталығына айналатынына сенімді.
Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Maqsut Narikbayev University-де ҚР Президент Телерадиокешенінің қолдауымен Қазақстандағы алғашқы Халықаралық журналистика мектебінің салтанатты ашылуы өткен.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды