"Адамдар қандай ұятсыз": Астанада белгісіз азамат естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне жол ақысын төлемей кеткен (видео)

03.04.2024, 10:43
7990
"Адамдар қандай ұятсыз": Астанада белгісіз азамат естімейтін, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне жол ақысын төлемей кеткен (видео) желі кадрларынан

Астанада белгісіз азамат такси жүргізушісінің құлағы естімейтінін және сөйлей алмайтын пайдаланып, ақысын төлемей түсіп кеткен. Жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүргізушінің қызы белгісіз азаматтың тек екі аялдамадағы мекенжайға тапсырыс бергенін айтады.

“Менің әкемнің құлағы естімейді және сөйлей алмайды. Соған қарамастан көлігінің несиесін өтеу үшін күні бойы адамдарды тасып жұмыс істейді. Ал мына жігіт секілді адамдығы жоқ жандар екі-үш аялдамаға әдейілеп жайлы (комфорт) такси шақырып, белгіленген орынға жеткенде қайтып келетінін айтып, көлікті тоқтатып түсіп кетеді. Төлемді қосымшада қолма-қол деп белгілеген. Бұл малғұнды әкем Астананың кептелісінде сағаттап тұрып айтқан жеріне жеткізді. Онымен қоймай ол мазақ қылғандай телефонын көлікте қуаттап алған. Егер осы жігітті білсеңіздер маған жазыңыздаршы. Адамның естімейтінін, сөйлемейтінін пайдаланатындар көп”, -деп жазды TikTok желісін пайдаланушы. 

Бұл видео жұртшылық назарын аударып, көпшілік таласа пікір білдірді.

“Қанша төлемеді, мен төлеймін. Еліміздегі еңбегі бағаланбаған адамдарға қарау мен үшін өте ауыр”, “Бәріміз жиналып көліктің несиесін өтеп берейік”, “Қандай өкінішті, әкеңізге тек жақсылық тілеймін”, “Ақша маңызды емес. Мен сіздің әкеңізге бірдеңе істеп қоя ма деп қорқып кеттім. Құдай сақтасын, тыныш кеткені де жақсы. Қазір өз көлеңкемізден қорқатын болдық қой”, “Әкеңіз тым мейірімді”, “Адамдар қандай ұятсыз”, -деді желі қолданушылары. 

Stan.kz тілшісі жағдайға байланысты Астана полиция департаментінен пікір сұрады. 

“Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолаушыны анықтау бойынша іздестіру шараларын жүргізуде”, – деді ведомство.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады