БАҚ-та Салтанат Нүкенованың мәйітінің суретін жариялауға тыйым салынды

03.04.2024, 15:47
1339
БАҚ-та Салтанат Нүкенованың мәйітінің суретін жариялауға тыйым салынды Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Бишімбаевтың соты тікелей эфирден беріліп жатқаны белгілі.

Kazinform хабарлауынша, бұл ретте, қазақстандықтар аты шулы сот процесіндегі ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады. Десе де, марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мәйіт суреттерін эфирге шығаруға және жариялауға тыйым салуды сұрады. Судья Айжан Құлбаева бұл өтінішті қанағаттандырды.

«Мен белгілі бір сәттерді эфирге шығармауды және БАҚ өкілдерінен бұл бейнелерді көрсетпеуді сұраймын. Оларды көру өте ауыр. Тікелей эфирді ересектер ғана емес, балалар да көріп отыруы мүмкін. Бұл балаларға ауыр зиян келтіреді деп ойлаймын», - деді Айтбек Амангелді.

Бишімбаев бұған қарсылық білдірді.

«Ал мен көрсетілуін қалаймын. Өйткені оның дене жарақаттары туралы ғаламторда көптеген болжамдар айтылды. Мен алқа билердің, жұртшылықтың айтылғандардың шындыққа жанаспайтынына көз жеткізгенін қалаймын», - деді Бишімбаев.

Судья Айжан Құлбаева жәбірленушінің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

«Материалдар алқа билер алқасына көрсетіледі, БАҚ өкілдеріне түсіруге рұқсат жоқ», - деді судья.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады