843

Бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасын ауыстырды

Қазақстан бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасы алмасқанын хабарлады.

Бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасын ауыстырды
olympic.kz
 

Бұған дейін осы қызметті атқарған Қайрат Жұманқұловтың орнына Дінмұхамед Абайхан тағайындалды. 

Дінмұхамед Абайханұлы 2012 жылдан бастап бокстан төрешілік қызмет атқарады.

2023 жылдан бастап Халықаралық дәрежедегі ІВА-ның 2 жұлдызды төрешісі.